Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимылдардың  қағидалары

/uploads/thumbnail/20170708181305794_small.jpg

Көп елдерде сыбайлас жемқорлық, қызмет бабын теріс пайдалану және жасырын келісімдер жасау деңгейі жоғары. Бұл құбылыстың бәрі, барлық елдерде және қоғамға кері әсерін тигізуде.

ҚР Президентінің «Қазақстан 2050» Стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына жолдауында ҚР Президенті Н.Назарбаев  «Жемқорлық- жәй құқық бұзушылық емес, ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және ұлттық қаупсіздікке төнген тікелей қатер болып саналады. Біздің түпкі мақсатымыз- жемқорлықты құбылыс ретінде жою үшін жемқорлыққа қарсы заңнамаларды жетілдіру арқылы жемқорлықпен күресті қатты күшейтуіміз керектігін айқындады».

Мемлекет  қызметкерлерінің жалақы деңгейінің төмен болғандығынан, сыбайлас жемқорлыққа негіз болатыны да осы.

Осыған байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес өз маңыздылығын айқындайды, яғни осы құбылыстарға қарсы тұру қағидалары.

ҚР-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес келесі қағидалар негізінде жүзеге асырылады:

       1) барлық адамдардың заң мен сот алдында теңдiгi. 2) мемлекеттiк органдардың қызметiн анық құқықтық регламенттеудi, мұндай қызметтiң заңдылығы мен жариялылығын, оған мемлекеттiк және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету. 3) мемлекеттiк аппараттың құрылымдарын, кадр жұмысын жеке және заңды тұлғалар құқықтары мен заңды мүдделерiн қозғайтын мәселелердi шешу рәсiмдерiн жетiлдiру. 4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн, сондай-ақ мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық, саяси-құқықтық ұйымдық-басқару жүйелерiн қорғаудың басымдығы. 5) Қазақстан Республикасы Конституциясы 39-бабының 1-тармағына сәйкес лауазымды адамдар мен мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлдiк берiлген басқа да адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуге жол берiлуiн тану. 6) жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерiн қалпына келтiру, сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою және олардың алдын алу. 7) сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылыққа қарсы күреске жәрдем жасайтын азаматтардың жеке басының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және оларды көтермелеу. 8) мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлдiк берiлген адамдар мен соларға теңестiрiлген адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн мемлекеттiң қорғауы, аталған адамдар мен олардың отбасыларына лайықты тұрмыс деңгейiн қамтамасыз ететiн жалақы (ақшалай үлес) мен жеңiлдiктер белгiлеу.

       9) осындай қызметтi жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға кәсiпкерлiк қызметтi мемлекеттiк реттеуге өкiлеттiк берiлуiн болдырмау, сондай-ақ оған бақылау жасау және қадағалау. 10) сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, ашу, олардың жолын кесу және алдын алу мақсатында жедел-iздестiру қызметi мен өзге де қызметтi жүзеге асыру, сондай-ақ құқыққа қайшы тапқан ақша қаражаты мен өзге мүлiктi заңдастыруға жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының заңында белгiленген тәртiппен арнайы қаржылық бақылау шараларын қолдану. 11) кәсіпкерлік қызметті атқару заңмен белгіленген қызметтік міндеттерімен көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Заңның 3-бабының  1, 2 және 3-тармақтарында аталған адамдар үшін кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, соның ішінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің басқару органдарында ақы төленетін қызметтер атқаруға тыйым салуды белгілеу.

Осы қағидаларды талдау негізінде бұл тек алдын алу және әрқашан қолданыстағы жүйенің төзбейтіндігін дәлелдейді. Осыған байланысты тізімдегі қағидаларға, сыбайлас жемқорлықты жасағаны үшін, бұлтартпастық жауапкершілікке тарту қағидасын қосуға болады.

Қазақстанда көбінесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс шаралар нысанды түрде қолданылады, сол себептен қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа деген қызығушылық кеңейуде. Пара немесе белгілі бір пайыз сыбағасын алу, қазіргі таңда мемлекетіміздің өркендеуімен бірге, ажырамас бір бөлігі болып келеді. Біздің ойымызша ең бастысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ескерту шараларының тиімділігіне назар аударуымыз қажет.

Көп жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолдынылатын шаралар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, семминарлар тек талқылама ретінде қалып отыр. Мысалға айтатын болсақ, 14- пунктегі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы салалы бағдарламаның» 2011-2015 жыл аралығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы кітапшалар мен бүктірмелердің шығарылуы қарастырылған, бірақ бұл шараның тиімділігі интернет жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихаттау шарасынан не ғұрлым төмен. Осыған байланысты келесідей ұсынылады:

1.Мемлекеттік бағдарламаларды құру және сыбайлас жемқорлықпен күрес жоспар бағдарламаларында, оның сандық көрсеткіштері емес, керісінше тиімділік жағынан шығуымыз қажет.

2.Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын іс шараларының нақты форматын анықтау, тиімді нәтижесі, ғылыми тиянақтығы, дайын мәселені шешу.(нормативті және ұйымдық жағынан ).

 Қорыта келгенде белгіленген ұсыныстарды жүзеге асыру, біріншіден сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың тиімділігін, екіншіден мемлекет тарапынан сыбайлас жемқорлық факторларын жоюға негіз болады.

Медеу ауданы бойынша мемлекеттік кіріс басқармасы, кызметкермен (персонал) жүмыс істеу бөлімі

Қатысты Мақалалар